“Балалар құрмет көрсеткен“. Білім басқармасы имамның видеосына қатысты пікір білдірді

Mar 15, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Түркістан облысы Білім басқармасы әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен имамның видеосына

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысы Білім басқармасы әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен имамның видеосына пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басқарма мәліметінше,видеодағы жағдайды анықтау үшін бірден тиісті жұмыстар жүргізілген.

"Сатыбалды Әбішұлы атындағы Сарыағаш медресесінде таң намазынан кейін студенттерге айтқан уағыз-насихат барысында медресенің бас ұстазы Әбдужаппар Смановтың аяғына жаттығу жасап отырған шәкірттері емес,өз немерелері мен жиені екені,өз немерелері әрдайым атасына құрмет көрсетіп,ақ батасын алу үшін жаттығу жасап беріп,ілтипат білдіретіні белгілі болды",- деп жазылған хабарламада.

Еске салайық,бұған дейін әлеуметтік желіде балаларға аяғын уқалатқан имам қызу талқыға түсті. Оқиға Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мешітте болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tengri LIVE (@tengri.live)

ҚМДБ оқиғадан кейін мешіт имамына ескерту жасады.