Тоқаев Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтай отырысына қатысады

Mar 13, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурызда Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурызда Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурызда Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады. Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп,Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады",- деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік,Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган.

Бұған дейін Ұлттық құрылтайдың үш отырысы өтті:

І Ұлттық құрылтай 2022 жылы Ұлытау облысында өтті.

ІІ Ұлттық құрылтай 2023 жылы Түркістан қаласында өтті.

ІІІ Ұлттық құрылтай 2024 жылы Атырауда өтті.