Қар және көктайғақ: Қазақстанның екі облысында тасжол жабылды

Mar 11, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Қарағанды ​​мен Ұлытау облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды,- деп хабарлайды Tengrine

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​мен Ұлытау облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2025 жылғы 11 наурыз сағат 09:40-та ауа райының нашарлауына байланысты барлық көлік түрлерінің қозғалысына келесі республикалық автожол учаскелерінде шектеу енгізілді:

Қарағанды облысы:

"Ақшатау – Ағадыр – Ортау" – "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті" автожолының 0-180 шақырым аралығы (Ақшатау ауылы – Ұлытау облысының шекарасы).

Ұлытау облысы:

"Ақшатау – Ағадыр – Ортау" – "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті" автожолының 180-195 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы – Ағадыр ауылы).

Жолды 2025 жылғы 11 наурыз сағат 18:00 ашу жоспарланған.