Алматыда Grand Park маңындағы алапат өрт сөндірілді

Feb 20, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Құтқарушылар Алматыдағы алапат өрт сөндірілгенін мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшіс

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құтқарушылар Алматыдағы алапат өрт сөндірілгенін мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше,өрт алдын ала болжам бойынша 3000 ш.м. алаңда оқшауланған.

"Өртсөндірушілер жақын орналасқан 3 қабатты әкімшілік ғимарат пен тауар-материалдық құндылықтары бар қойманы өрттен қорғап қалды. Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ",- деп жазылған хабарламада.

Еске салайық,19 ақпанда таңғы сағат 08:25 шамасында Алматының Әуезов ауданында қойма өртенді.

Алматы ТЖД мәліметінше,қойма өртеніп,өрт жанында тұрған үш қабатты әкімшілік ғимараттың шатырына көшкен.

Сондай-ақ,оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды.