АҚШ шекарасындағы заңсыз мигранттар лагерлерінде қазақстандықтар бар ма?

Feb 6, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қонспаевтан АҚШ шек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қонспаевтан АҚШ шекарасындағы заңсыз мигранттар лагерлерінде қазақстандықтар бар ма деген сұрақ қойылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарларында қойылған сұраққа жауап берген ҚР СІМ өкілі АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтардың саны туралы ақпараттың бар екенін айтты.

"Лагерьлерде Қазақстан азаматтары жоқ. Жақында ғана біздің елшілігіміз тиісті хабарлама жасады,онда осы ел аумағында заңсыз жүрген азаматтарға қатысты шаралар қабылданатыны айтылған. Тиісінше,бұл мәселені реттеу үшін шақыру жасалды. Мен нақты санын есіме түсіре алмаймын,бірақ барлық заңсыз жүрген азаматтарға ескерту жіберілді",– деді Қонспаев.

Оның айтуынша,Вашингтондағы Қазақстан елшілігі мен басқа да консулдық мекемелер АҚШ аумағындағы қазақстандықтардың есебін тұрақты түрде жүргізіп отырады.

Айта кетейік,бұған дейін Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі елдегі миграциялық саясаттың қатаңдатылуына байланысты мәлімдеме жасаған болатын. Бұл шаралар шекара қауіпсіздігін нығайтуға және заңсыз көші-қонды азайтуға бағытталған. Жаңа ережелер туралы толығырақ мына жерден оқуға болады.