Алматыда Медеуге барар жолда жол апаты болып, 6 адам зардап шекті

Jan 8, 2025 IDOPRESS
Кеше түнде Алматыда Медеуге барар жолда жол апаты болды. Оқиға салдарынан алты адам зардап шекті,- деп хабарл

Кеше түнде Алматыда Медеуге барар жолда жол апаты болды. Оқиға салдарынан алты адам зардап шекті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеше түнде Алматыда Медеуге барар жолда жол апаты болды. Оқиға салдарынан алты адам зардап шекті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде оқиға орнынан видео тарады.

Алматы полиция департаменті оқиғаның мән-жайын хабарлады.

"Кia көлігінің жүргізушісі Керей-Жәнібек Хандар көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып,қарсы бағытқа шығып кетіп,сол көшемен солтүстік бағытта жүріп бара жатқан Toyota Mark 2 көлігімен соқтығысқан,екі көліктің жүргізушісі мен Toyota Mark 2-нің үш жолаушысы және Kia көлігінің бір жолаушысы зардап шекті",- деп хабарлады Алматы полициясының баспасөз қызметі.

Зардап шеккендердің барлығы медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді.

Алматының Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға кірісті.