Умару Сисоку Эмбало қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқына алғыс айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Менің бүгінгі сапарым Бисау мен Астана арасындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты нығайтуға қос тараптың да ниетті екенін айғақтайды",– деді Умару Сисоку Эмбало.
Гвинея-Бисау Президенті екі ел көпжақты құрылымдар,соның ішінде БҰҰ аясында табысты ықпалдастық орнатқанына тоқталды. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ мен өзге де халықаралық ұйымдарды реформалауға қатысты ұстанымын қолдайтынын жеткізді.
Тараптар ауыл шаруашылығы,көлік-логистика,тау-кен металлургиясы,қаржы,цифрландыру және телекоммуникациялық технологиялар сияқты перспективті салаларда ықпалдастық орнату мәселелерін қарастырды.