Астанада кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерге күдікті ретінде Қорғаныс министрлігінің Ақмола гарнизонының әскери қызметкері қамауға алынды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін БАҚ-та Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінің бірінің батальон командирінің орынбасары,подполковник (кей деректер бойынша майор шеніндегі) қызметкері 2016 жылы туған баланы астаналық ауруханада зорламақ болғаны туралы ақпарат тараған.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше,кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттер дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Ақмола гарнизонының оқуда жүрген әскери қызметкері ұсталып,соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр," – деп хабарлады ІІМ өкілдері.