Қазақстанда 3 желтоқсандағы сауда нәтижесінде доллар бағамы қандай болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық нәтижелері бойынша,доллардың орташа сараланған бағамы 523,17 теңге болып,1,62 теңгеге төмендеді. Айта кетейік,доллардың 3 желтоқсанға ресми бағамы - 524,58 теңге.
kurs.kz мәліметінше,қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде долларды орташа сатып алу бағамы 523,70 теңгеге,ал сату бағамы 528,43 теңгеге тең. Астанада долларды орташа сатып алу бағамы 521,92 теңге,сату бағамы – 528,95 теңге.
Еске салайық,2 желтоқсанда KASE күндізгі сауда-саттық нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 524,58 теңге болып,12,06 теңгеге қымбаттаған болатын.