Белгілі қазақ жазушысы,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаралы хабарды Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық мұражай кешені естіртті.
"Марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз",- делінген хабарламада.
Сәбит Мұқанов (1900–1973) – қазақтың көрнекті жазушысы,ақын және қоғам қайраткері,Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. 1943-1951 жылдары Қазақстан жазушылар одағын басқарды.
Оның әйгілі шығармаларының қатарында "Ботагөз","Сырдария" романдары мен "Өмір мектебі" өмірбаяндық трилогиясы бар. Оның қазақ әдебиеті мен мәдениетін дамытуға сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.
Баян Мұқанова отбасының ғылыми дәстүрін жалғастырып,саналы ғұмырын ғылым мен білімге арнады. Ол химия ғылымдарының кандидаты,ауыл шаруашылығы институтында сабақ берді.