Астана полициясы есірткі саудасының ірі арнасын әшкереледі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құқық қорғау органдары прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі таратқан екі интернет-дүкеннің қызметін тоқтатты.
Негізгі ұйымдастырушы 23 жастағы қыз болған. Ол есірткіні сатып алу,сақтау және клиенттерге жеткізуді толықтай үйлестірген.
"Қылмыскерлер есірткі саудасы үшін Telegram платформасын пайдаланған",- деп хабарлады Астана Полиция департаменті.
Жалпы,жедел уәкілдер күдіктілердің мекенжайлары бойынша 30 санкцияланған тінту жүргізді. 15 адам ұсталған. Полиция қызметкерлері 5 келі синтетикалық есірткіні тәркіледі,бұл 15 мың рет қолдануға жетеді.
Сонымен қатар,бұған дейін осы топтың 26 жастағы қатысушысы ұсталды. Тінту барысында одан мефедрон жасырылған шаңсорғыш табылып,тәркіленген.