Қарақияда прокурордың актісі бойынша "Су тұщыту" зауытының құрылысы басталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.
Қарақия ауданы прокуратурасының қадағалау актісі негізінде аудан әкімдігімен инвесторға,яғни "Алека" ЖШС-не тәулігіне 5000 м³ ауыз су өндіретін зауытын салу мақсатында Құрық ауылында 5 гектар жер учаскесі берілді.
"Қазіргі уақытта "Су тұщыту" зауытының 20 ұңғымасы қазылып,судың тұздылығын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр",- делінген хабарламада.
Бұған дейін,ауыл тұрғындарын Ақтау қаласында орналасқан "Каспий" су тұщыту зауыты" ЖШС ауыз сумен қамтамасыз еткен.
Прокуратура мәліметінше,жыл сайын жаз мезгілінде ауыз судың жиі болмауы тұрғындардың наразылығын тудырып келген.