Технология және ғылым

Түркістан облысында заңсыз көші-қонмен айналысқан адамдар тобы ұсталды

Nov 27, 2024 IDOPRESS
Түркістан облысында полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында шетел азаматтарына мемлекеттік шекар

Түркістан облысында полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында шетел азаматтарына мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге көмек көрсетумен айналысқан адамдар тобының қызметін тоқтатты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайына сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ,ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шетелдіктерге шекарадан өту үшін жалған сот қаулыларын берген 9 адамды ұстаған.

"Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру және құжаттарды қолдан жасау дерегі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жай анықталады",- делінген хабарламада.

Сонымен қатар,жоғарыда аталған жалған құжаттардың көмегімен ҚР шекарасынан өтуге тырысқан 10 шетелдік азамат елден шығарылған.

"Жыл басынан бері "Қазығұрт","Жібек жолы","Қонысбаев" және басқа да шекаралық бекеттерде валютаны заңсыз айырбастаумен айналысатын адамдарға қатысты 40-тан астам тексеру жүргізіліп,ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерімен профилактикалық әңгімелер өткізілді. Қазіргі уақытта Түркістан облысының полицейлері кедендік саладағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша іс-шараларды жалғастырып жатыр".