ҚМА Қытай азаматына іздеу жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі шетелдік азаматқа қандай айып тағылғанын анықтады.
Tengrinews.kz редакциясының ресми сұрауына жауап ретінде ведомство Астана бойынша Экономикалық тергеу департаментінің өндірісінде Тянь Баоюаньға қатысты іздестіру ісі бар екенін хабарлады.
Ол Қылмыстық кодекстің 214-бабы 2-бөлігі,2-тармағы ("Аса ірі мөлшерде табыс алумен ұштасқан,заңсыз кәсiпкерлiк,заңсыз банктік,микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет") бойынша айыпталып отыр.
Сурет: qamqor.gov.kz
Аталған бап бойынша жаза ретінде 2024 жылы 18 миллион теңгеден асатын 5000 АЕК мөлшерінде айыппұл салу,сол көлемде түзеу жұмыстары,1200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту,бес жылға дейін бостандығын шектеу немесе мүлкін тәркілей отырып,сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.
"Бұл тұлға халықаралық іздеуде,оған бұлтартпау шарасы ретінде "қамауда ұстау" тағайындалды. Басқа ақпарат жариялауға жатпайды",- деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.