Технология және ғылым

Тоқаев қорғаныс министріне тапсырма берді

Nov 25, 2024 IDOPRESS
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының биылғы атқарған қызметі туралы есеп берілді.

Мемлекет басшысына бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы мен қарулы күштер қатарына күзгі шақыру науқанының нәтижелері,сондай-ақ әскери қызметтегі тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға,әскери қызметшілердің әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыруға бағытталған шаралар жөнінде баяндалды.

Армияның жауынгерлік әлеуетін кезең-кезеңімен көтеру және әскерді даярлаудың жаңа тәсілдеріне көшу мәселелеріне айрықша назар аударылды.

Руслан Жақсылықов мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалу барысы туралы баяндап,әскердің қару-жарақ пен техниканың жаңа үлгілерімен,атап айтқанда,ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелерімен,радиоэлектрондық күрес кешендерімен жарақтандырылып жатқанын хабардар етті. Бұдан бөлек,жауынгерлік машиналарды және байланыс құралдарын жаңғырту,рационализаторлық жұмысты,сондай-ақ әскери инфрақұрылымды дамыту мәселелері қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бітімгерлік контингентінің БҰҰ аясында Голан жоталарында атқарып жатқан қызметі маңызды екенін атап өтті.

Кездесу соңында Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев министрге отандық қорғаныс кәсіпорындарымен өзара ықпалдастықты жандандыру,аумақтық қорғаныс пен арнайы операция күштерін дамыту,әлеуметтік-құқықтық жұмысты күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.