Алматы әкімдігі қала тұрғындарының орташа жалақысы қаншаға өскенін айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әкімдік мәліметінше,2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында алматылықтардың атаулы ақшалай табысы 22 пайызға өсіп,292 мың теңге болды. Нақты көрсеткіште өсім 11,6 пайыз. Орташа айлық жалақы 468 мың теңгеге жетіп,15,5 пайызға артты.
"Азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасының төмендеуіне байланысты жылдық инфляция тамыздағы 8,6 пайыздан қыркүйекте 8,3 пайызға дейін баяулады",- делінген хабарламада.
Алматыда биылғы 9 айда 50 мыңнан астам жұмыс орны құрылған,оның 77,9 пайызы тұрақты.