Технология және ғылым

Үкімет бірыңғай уақыт белдеуі туралы мәлімдеме жасады

Nov 19, 2024 IDOPRESS
Үкімет бірыңғай уақыт белдеуі туралы мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет бірыңғай уақыт белдеуі туралы мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет бірыңғай уақыт белдеуі туралы мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанның 5-ші уақыт белдеуіне көшуінің артықшылықтарын айтты. Шенеунік UTC+5 уақыт белдеуі ел халқының 76 пайыздан астамы (15 миллион 240 мың адам) кіретін Астана,Алматы,Петропавл,Өскемен,Шымкент,Семей және Павлодар қалаларын қосқанда,67,5-тен 82,5 градусқа дейінгі бойлықты қамтитынын айтты.

"Ел аумағының басым бөлігі 5-ші уақыт белдеуінде орналасқан. Бұрынғы UTC+6 уақыт белдеуі алғаш рет 1930-1931 жылдары "Белдеу уақыты + бір сағат" формуласы бойынша декреттік уақытты қолдану арқылы енгізілді. UTC+5 еліміз үшін жаңа уақыт белдеуі емес,керісінше,тарихи негізделген уақытқа оралу",- деді министр Үкімет отырысы кезінде.

Министрдің айтуынша,195 елдің 117-сі географиялық уақытты стандарт уақыт белдеуіне жақын таңдаған.

Шаққалиев Халықаралық табиғи уақыт альянсы (IANT) Үкіметтің орталық және шығыс облыстар үшін географиялық бойлыққа сәйкес келетін және халық үшін оңтайлы шешім саналатын UTC+5 уақыт белдеуін белгілеу туралы шешіміне оң қорытынды бергенін айтты.

"Әлемнің көптеген елі табиғи циклге мүмкіндігінше жақын уақыт белдеуін таңдады. Сондықтан табиғи күн цикліне сәйкес келетін UTC+5 уақыт белдеуіне ауысу жаңалық емес,табиғи уақытқа оралуды білдіреді. Уақыт белдеулерін өзгерту туралы қабылданған шешім ғылыми негізделген,экономикалық тұрғыдан орынды және елдің тиімді жұмыс істеу мүддесіне сәйкес келеді. Петицияны қарау нәтижесінде стандартты уақыт белдеуіне барынша бейімделуге бағытталған нақты ұсыныстар берілді",- деді министр.

Премьер-министр Олжас Бектенов неғұрлым түсінікті ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізуді тапсырды.

"Сауда министрі қолданыстағы уақыт белдеуіне қатысты жан-жақты дәлелдер келтіре отырып,нақты жауап берді. Үкімет бұл шешімді қолдайды. Біз бірыңғай уақыт белдеуіне бекерден-бекер ауысқан жоқпыз. Ел аумағының көп бөлігі бесінші уақыт белдеуінде орналасқан. Сондықтан бұл - ғылыми тұрғыдан дұрыс шешім",- деді Бектенов.

Еске салайық,2024 жылғы 1 наурызда Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Бірақ тұрғындардың басым көпшілігі бірыңғай уақыт белдеуі кері әсер етіп жатқанын айтып,петиция жинады.