Қазгидромет Астана,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2024 жылғы 18 қарашада Қарағанды,Жезқазған,Балқаш,Теміртау,Өскемен,Риддер,Атырау,Ақтөбе,Шымкент,Алматы,Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді",- делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы,жеңіл жел,тұман,инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.