Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнде – 14,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
14-16 қарашада Қазақстанда ауа райы өзгереді. Антициклон әсерінен аптаның ортасында елдің батысы мен оңтүстігінде,содан кейін оңтүстік-шығыста,шығыста және орталықта 16 қарашада ашық,жауын-шашынсыз ауа райы болады. Алайда,елдің солтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында әлі де қар жауады,солтүстігінде боран болады деп күтіледі.
15 қарашадан бастап батыс облыстарға жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын,сондай-ақ көктайғақ әкелетін циклон келеді. Қазақстанның оңтүстік-шығысында 14 қарашада түнде қалың қар жауады деп болжанған. Сондай-ақ республиканың түрлі аймақтарында тұман түсіп,жел күшейеді.
"Түнде батыста ауа температурасы 1-10 градус жылыға дейін көтеріледі,солтүстік-батыста және солтүстікте 2-11 градус аязға дейін,орталықта 5-13 градус аязға дейін,шығыста 5-18 градусқа дейін нөлден төмен,оңтүстікте 2-10 аязға дейін,елдің оңтүстік-шығысында түнде 2-13 градусқа дейін төмендейді",- деді метеорологтар.