Технология және ғылым

Қазақстан шекарасында 57 шетелдік ұсталды

Nov 3, 2024 IDOPRESS
ҰҚК Шекара қызметі қазанда мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өтудің 1435 әрекетін тіркеді,- деп хабарлайды Tengrin

ҰҚК Шекара қызметі қазанда мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өтудің 1435 әрекетін тіркеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК Шекара қызметі қазанда мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өтудің 1435 әрекетін тіркеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында қазанда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып: Шекара кеңістігінде 4 640 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушыны ұстады,соның ішінде:

27 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін;

30 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін.

"Мемлекеттік шекара арқылы 1 435 заңсыз алып өту дерегінің алдын алынды,оның ішінде: 41 факт – есірткі заты; 91 факт – ату қаруы мен оқ-дәрі (1 дана атыс,3 дана газды және 25 дана суық қару,123 дана оқ-дәрі,41 дана электрошокер); 23 факт – діни әдебиет (2 001 дана); 459 факт – жалпы сомасы 9 миллион теңгеден асатын жанар-жағармай материалы (43 000 литрден астам); 616 факт – жалпы сомасы 3,4 миллиард теңгеден асатын халық тұтыну тауары (соның ішінде киік мүйіздері 1,5 миллиард теңгеге жуық,темекі бұйымдары 377 миллион теңгеден астам); 204 факт – жалпы сомасы 1,8 миллиард теңгеден астам шетел валютасы",- делінген хабарламада.

Каспий акваториясында 57 браконьерлік дерегінің алды алынған,сондай-ақ: 31 дана – жүзу құралы; 70 шақырым тор – браконьерлік аулау құралы; 299 дана (1 765,1 келі) – бекіре тұқымдас балық; 904 дана (2 165 келі) – таза тұқымдас балық; 13 дана – итбалық.

"Алдын алынған залал сомасы шамамен 671 миллион теңге болады. Бұл деректер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. Мемлекеттік шекарада қандай-да бір шектеу шаралары енгізілмеген,барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр".