Денсаулық сақтау министрлігі әскерге шақырылғандарды тексеруге қатысты өзгерістер туралы хабарлады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомствоның Тengrinews.kz сұрауына берген жауапқа сәйкес,кейінгі жылдары әскерге шақырылғандарды міндетті тексеру көлеміне қосымша тексерулер қосылған: эхокардиография,іш қуысын ультрадыбыстық зерттеу,бүйректі ультрадыбыстық зерттеу.
Осылайша,әскерге шақырылғандар мына міндетті тескрулерден өтеді:
жалпы қан анализі;
зәр анализі;
кеуде мүшелерін флюорографиялық зерттеу;
электрокардиографиялық зерттеулер;
мерезге (сифилис) микропреципитация зерттеулері реакциясын талдау;
бүйректі ультрадыбыстық зерттеу;
бауыр,көкбауыр,ұйқы безін ультрадыбыстық зерттеу;
АИТВ (ЖИТС) инфекциясына қан анализі.
"Бұдан басқа,медициналық көрсеткіштер бойынша қосымша тексеру қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетіледі",- деп толықтырды Денсаулық сақтау министрлігі.