Алматыда Медеу аудандық №2 сотының шешімі бойынша,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот оның бас бостандығын шектеу жазасын өтеу шарттары мен тәртібін бұзғанын анықтады.
"Осылайша,сотталған Болат Нұрасыл Дәулетұлы жазаны өтеу шарттары және жаза бөлігінде үкімді орындамағаны үшін жауапкершілік туралы ескертіле отырып,бүгінде сот тағайындаған жазаны бас бостандығын шектеу түрінде өтеу тәртібін қасақана бұзды,бұл қасақана заңбұзушылық болып табылады",- деді Алматы қаласының № 2 Медеу сотының судьясы Қанат Аринов.
Осыған байланысты сот сотталған Нұрасыл Болаттың бас бостандығын шектеу түріндегі өтелмеген жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру қажет деп тапты.
"Алматы гарнизоны әскери сотының 2023 жылғы 9 қазандағы үкімі бойынша,Нұрасыл Болаттың өтелмеген 1 жыл 5 ай 10 күндік бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айырумен ауыстырылсын. Болат Нұрасыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне жіберілсін. Жазаны өтеу орны ретінде орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі белгіленсін. Бас бостандығын шектеу түріндегі өтелмеген мерзім бас бостандығынан айырудың 1 күні - бас бостандығын шектеудің 1 күні есебінен бас бостандығынан айыруға ауыстырылсын",- деп қосты судья.
Нұрасыл Болат сот залында қамауға алынды.
Қаулыға шағым түсіру немесе аудандық сотта жарияланған күннен бастап Алматы қалалық сотына прокурорға өтінішхат беру мүмкіндігі бар.
Сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты шешім шығарды