Ақмола облысының Бестөбе кентінде жетінші баласына жүкті 34 жастағы алты баланың анасы жедел-жәрдем келгенге дейін қайтыс болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі sinegor.kz-ға сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 18 қазан күні кешке болды. Әйел отбасымен үйде болған,бір уақытта өзін нашар сезініп,шаршағанын айтып,жатып демалуға шешім қабылдайды. Кейін туыстары оны өлі күйінде тапты. Ол жүктіліктің 34-аптасында болды.
Жедел жәрдем дәрігерлері ақмолалық әйелдің олар келгенге дейін қайтыс болғанын растады. Өлімнің алдын ала себебі - жедел жүрек жеткіліксіздігі. Зорлық-зомбылықтың іздері табылған жоқ.
Полиция Бестөбе тұрғынының қайтыс болу дерегі бойынша соталды тергеу басталғанын,сараптамалар мен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Қылмыстық кодекстің бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.