2024 жылғы 14 мен 16 қазанында ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде басқа мемлекеттің азаматтығы бар Қазақстан Республикасының жеті азаматын ұстады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ұсталған адамдар одан әрі қарау үшін полиция органдарына берілді. Жыл басынан бері шекарашылар қос азаматтығы бар 935 адамды анықтады",- делінген хабарламада.
ҰҚК Шекара қызметі ҚР заңнамасына сәйкес екінші азаматтықтың болуы 200 АЕК-ке дейін айыппұлмен немесе әкімшілік шығарып жіберумен жазаланатынын еске салады.