Алматыда қала маңына қатынайтын жаңа автобус бағыты ашылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік мәліметіне сілтеме жасап.
"15 қазаннан бастап үлкен сыйымдылықтағы автобустар "Райымбек" метро бекетінен Есікке дейін қатынайды,соңғы аялдамасы – Еңбекшіқазақ ауданының Қызылжар ауылы. №252 бағытында 25 автобус қызмет көрсетеді,жүру аралығы 10 минут. Бұл бағытқа "ECOBUS SERVICE" ЖШС қызмет көрсетеді",- делінген хабарламады.
Бұған дейін Алматыда 34 қала маңы бағыты ашылып,оларға 491 автобус бөлінген болатын. Жыл аяғына дейін Алматы агломерациясындағы 70-ке жуық елді мекенді қамтитын тағы 19 бағыт ашу жоспарланып отырғаны айтылды.