Технология және ғылым

Әкесінің көлігін ұрлаған: Жамбыл облысында 4 бала жантүршігерлік апатқа түсті

Sep 17, 2024 IDOPRESS
Жамбыл облысында кәмелетке толмаған жеткіншек тізгіндеген көлік апатқа ұшырап,төрт бала ауыр халде жансақт

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған жеткіншек тізгіндеген көлік апатқа ұшырап,төрт бала ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған жеткіншек тізгіндеген көлік апатқа ұшырап,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бозбалалардың бірі әкесіне тиесілі "Тойота" көлігін рұқсатсыз мініп кеткен. "Тараз - Жаңатас" бағытында асқан жылдамдықпен жүйткіген көлік жол жиегіне шығып кетіп аударылған.

Таңғы төрт шамасында болған апаттан төрт жасөспірім жарақат алып,жансақтау бөліміне жатқызылды. Кейін ота жасау үшін шұғыл түрде 16 және 18 жастағы науқастар облыстық ауруханаға ауыстырылған.

Енді көлік жүргізу куәлігі болмаған баланың ата-анасына қатысты әкімшілік іс қозғалмақ. Ал дәрігерлер балалардың жағдайы ауыр екенін айтып отыр.

"2007,2008 жылғы балалар. Басы жараланған. Жағдайы ауыр. Кома,екінші дәрежеде. Қазір біздің аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты,бақылауда",- дейді Сарысу ауданы орталық аурухананың бас дәрігері Айнұр Кәлікова.