Өскемен қаласының шетінде әйелдің денесі табылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәйіттің денесінде дене жарақаттары бар.
"Өскемендегі бау-бақша қоғамдарының бірінің шетінде 45-50 жас шамасында көзге көрінетін дене жарақаты бар белгісіз әйелдің денесі табылды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды,сараптама тағайындалды,тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр",- деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға орнына сурет. ШҚО ПД баспасөз қызметі
Оқиғаның егжей-тегжейі тергеу әлі жүргізіліп жатқандықтан,жария етілмейді. Мәйіт автопарктің жанында "Алтай бағбаны" бау-бақша қоғамында табылған.
"Кісі өлтірді деген күдікті әлі ұсталған жоқ",- деп хабарлады аймақ полициясы.
ШҚО ПД-да Өскемен тұрғындарынан тек ресми ақпаратқа сенуді сұрайды.