Қазақстан Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев елдегі телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа түрі туралы айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
13-15 тамыз аралығында республика аумағында Anti-fraud жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Алматыда ЖПС аясында көрші мемлекеттің 24 жастағы азаматы ұсталды. Пәтерлердің бірінде SIM-box құрылғысын орнатып,ол Қазақстан аумағында алаяқтық қоңырау қызметтерін ұсынды.
"Семейде жалдамалы пәтерде виртуалды абоненттік нөмірлерді тіркеуге арналған GSM-box аппаратурасын ұялы байланыс желілеріне қосқан шетелдік ұсталды. 22 жастағы жігіт куратордан Telegram-арна арқылы алған нұсқауларын орындады",- деді Алексеев.
Жедел-профилактикалық іс-шара өткізу кезеңінде республиканың үш қаласында барлығы 4 SIM-box құрылғысы және байланыс операторларының 6 мыңға жуық SIM-картасы жойылды.