Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жоғалған туристерді тауып алды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомствоның хабарлауынша,Алматы облысының Талғар ауданында 1994 жылы туған екі ер адам тауға көтеріліп,бірақ адасып,өз бетінше таудан түсе алмай қалған.
Олар құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы қараңғы түсіп және ағаштарды құлатқан дауылды желге қарамастан,туристерді Қотырбұлақ шатқалынан тауып,қауіпсіз жерге алып барды.
Туристер медициналық көмекке мұқтаж емес.