Технология және ғылым

Астанада такси жүргізушісі мен жолаушы арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды

Aug 18, 2024 IDOPRESS

Астанада такси қызметтерінің бірінің жүргізушісі жолаушымен жанжалды ұялы телефон камерасына түсіріп алды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада такси қызметтерінің бірінің жүргізушісі жолаушымен жанжалды ұялы телефон камерасына түсіріп алды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Оқиға Астана қаласыдағы Жеңіс көшесі,72-үйде болғаны айтылған.

Кадрларға қарағанда,жанжал жүргізуші жолаушыны сұраған жеріне емес,басқа жерге түсірген соң шыққан.

Ескерту,видеода балағат сөздер бар!

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Общественное Объединение ОО ОСА (@oo_osa_astana)

Астана полиция департаменті жолаушы мен такси жүргізушісі арасындағы жанжал туралы хабарлама түскенін мәлімдеді.

"Жүргізуші мен жолаушы полиция бөліміне жеткізілді. Екі тарап бір-бірінің үстінен арыз жазды. Жүргізушіге қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді",- делінген хабарламада.