Мемлекет басшысы Бразилия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилияның Сан-Паулу штатында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап,салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Луис Инасиу Лула да Силваға көңіл айтты.
"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып,Қазақстан халқының және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға,сондай-ақ достас Бразилия халқына көңіл айтамын",– деп жазылған жеделхатта.