Технология және ғылым

Қазақстандағы басқарушы компанияға 82 миллиард теңгенің активтері берілді

Aug 8, 2024 IDOPRESS
Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті басқарушы компанияның теңгеріміне жалпы сомасы 82

Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті басқарушы компанияның теңгеріміне жалпы сомасы 82 миллиард теңге болатын 48 нысан өткенін хабарлады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті басқарушы компанияның теңгеріміне жалпы сомасы 82 миллиард теңге болатын 48 нысан өткенін хабарлады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Активтерді қайтару жұмыстары шеңберінде Басқарушы компанияның теңгеріміне жалпы құны 82 миллиард теңге болатын 48 нысан тапсырылған.

"Өз кезегінде басқарушы компаниямен Астанадағы 473 миллион теңгеге элиталық жылжымайтын мүлік және Алматыдағы 732 миллион теңгеге азаматтық ғимарат сатылды,сондай-ақ Алматы қаласы және Жетісу облысындағы обьектілерді жалға беру туралы бірқатар келісімдер жасалды. Жалдаудан айына шамамен 80 миллион теңгеге жуық кіріс күтіледі,алғашқы төлемдер де жүргізілді",- делінген хабарламада.

Объектілерді сату және жалға беруден түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға әлеуметтік-экономикалық жобаларды одан әрі қаржыландыру мақсатында жіберілетін болады. Активтерді іске асыру бойынша жұмыс жалғасып жатқаны айтылды.