Технология және ғылым

Түркістан облысындағы білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары пысақталды

Aug 8, 2024 IDOPRESS
Түркістан облысының білім беру нысандарындағы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары сапалы және мерзімінд

Түркістан облысының білім беру нысандарындағы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары сапалы және мерзімінде аяқталуы тиіс. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев тиісті басқарма өкілдерімен және аудан,қала әкімдерінің жауапты орынбасарларымен бірге осы тұрғыда атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады. Жиынға мердігер компанияның өкілдері де қатысты.

"Жаңа оқу жылының басталуына бір ай ғана уақыт қалды. Биыл 300-ден астам білім беру ұйымында ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде балабақша,мектеп және колледждер де бар. Жалпы облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының тапсырмасымен тозығы жеткен немесе апатты жағдайдағы білім ұяларын реттеу,қалпына келтіру,жаңарту жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр. Бұл мақсатқа тиісті қаражат бөліп,ел игілігі үшін бағыттап отырмыз. Енді мерзімінде тиісті жұмыстарды аяқтаңыздар. Үлгереміз деп сапаны ұмытып кетпейік. Мектептің сыртқы жұмыстары да оқу процесіне кедергі жасайды. Бей-жай қарамаңыздар. Екі ауысыммен жұмыс істеңіздер. Жұмыс күші жетпесе,оны шешейік",– деген Бейсенбай Дәулетұлы құрылыс барысы қатаң бақыланатынын жеткізді.

Жиын барысында Түркістан облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетов баяндама жасап,жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесімен таныстырды.

Қазіргі уақытта мектеп саны 1052-ге жетті. Соның ішінде 193 мектеп пен балабақшада,12 колледжге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ал 22 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның 7-еуі "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. 5-еуі жаңа оқу жылында халықтың игілігіне тапсырылады. Қалған мектептерге облыстық бюджеттен қаржы қарастырылған.

Сонымен қатар,106 білім нысанының жылу жүйесі газға ауыстырылмақ.

Сурттер: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі