Павлодар-Семей тасжолында көлікті мас күйде тізгіндеп,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Соттың мәліметінше,ұсталған адамға қатысты санкция бір күн бұрын қаралған. Бұл ақпаратты Павлодар облысының Полиция департаменті растады.
"28 шілдеде санкция шығып,екі айға қамауға алу тағайындалды",- деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Бұған дейін марқұмның әйелі Ирина Зорина жол талғамайтын көлікті астаналық полицияның жоғары лауазымды қызметкері жүргізгенін хабарлаған болатын.
"Біздің білуімізше,жол талғамайтын көліктің рульінде Астана мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы болған. Одан басқа көлікте тағы бірнеше адам болған",- деді павлодарлық тұрғын.
Павлодар сотының сайтында жарияланған тергеу-қамауға алынған адамның ТАӘ ІІМ үкіметтік мекемелерін күзету жөніндегі мамандандырылған күзет қызметі басқармасы басшысының деректерімен бірдей екенін атап өтеміз.
Tengrinews.kz редакциясы осы мәселе бойынша Ішкі істер министрлігіне ресми сауал жолдады.