"Сырым" БӨП-інде көлік қозғалысы шектелуі ықтимал. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі мәліметінде айтылған,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҰҚК Шекара қызметі 29 шілде мен 3 тамыз аралығында Қазақстан – Ресей шекарасындағы "Сырым" өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін хабарлайды.
"Көрсетілген кезеңде шектес аумақтағы "Маштаково" БӨП-інің инспекциялық-тексеру аймағында жол төсемін жөндеу жоспарланған. Басқа пункттер штаттық режимде жұмыс істейді,ешқандай шектеулер енгізілген жоқ. Осы мән-жайларды ескеруді және қозғалыс бағдарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз",- делінген ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.