Технология және ғылым

Алматылық үлескерлер алаяққа алданып, 290 миллион теңгеден айырылған

Jul 24, 2024 IDOPRESS
Алматыда үлескерлердің ақшасын иемденген алаяқ сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратура

Алматыда үлескерлердің ақшасын иемденген алаяқ сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.

Алматыда үлескерлердің ақшасын иемденген алаяқ сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.

Наурызбай ауданының прокуратурасы үлескерлердің қаражатын тарту жөнінде заңсыз қызметке байланысты алаяқтықтың жолын кесті.

"2022 жылы "Flora City Stroy" ЖШС директоры К. "Instagram","krisha.kz" әлеуметтік желілерінде құрылыс салуға рұқсат қағазынсыз "Lantana" және "Flora" ТК құрылысының басталуы туралы жарнама берген.

Одан кейін К.,сатып алушыларды алдау және олардың сенімін теріс пайдалану жолымен алдын ала сатып алу-сату шарттарын жасап,290 миллион теңге мөлшеріндегі 34 үлескердің ақшасын иеленген",- делінген хабарламада.

Материалдар соталды тергеп-тексеру жүргізу үшін Бостандық ауданының полиция басқармасына жолданған..

"Бостандық аудандық сотының 21.06.2024 жылғы үкімі бойынша,К. ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен ("Аса ірі мөлшердегі алаяқтық") бойынша кінәлі деп танылып,6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Алынған учаскелер жәбірленушілердің залалын өтеу үшін сатылатын болады".

Үкім заңды күшіне енген жоқ.