Алматыда Қарасай батыр көшесінің бір аумағы біраз уақытқа жөндеуге жабылады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.
Қарасай батыр көшесінің бір учаскесіне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
"23 шілдеде сағат 09.00-ден 25 шілдеде сағат 10.00-ге дейін Шәріпов көшесінен Мұқанов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері,мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады",- делінген хабарламада.