Семейде бір тәуліктен астам уақыт бойы бүкіл қала іздеген бала табылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 шілдеде жоғалып кеткен үшінші сынып оқушысы аман-есен табылды. Оны полицейлер,еріктілер және қала тұрғындары іздеді.
"Іздеу қараусыз қалған ғимараттарда да,ойын-сауық орындарында да жүргізілді. Іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары Восточный кентінің ауданынан оқушыны тапты",- деп хабарлады полиция.
Бала полиция бөліміне жеткізіліп,онымен әңгіме жүргізілді. Бала психологтың қарауынан кейін ата-анасына тапсырылды.