Технология және ғылым

Бұршақ және найзағай: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Jul 18, 2024 IDOPRESS
\"Қазгидромет\" РМК синоптиктері 18 шілдеде еліміздің 19 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады,- деп хаб

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 18 шілдеде еліміздің 19 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 18 шілдеде еліміздің 19 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр,найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде,шығысында,орталығында,таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады,облыстың шығысында,таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауыпы күтіледі.

Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады,күндіз облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде,күндіз солтүстігінде,батысында,таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай,дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады,түнде облыстың солтүстігінде,таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте күндіз найзағай,күндіз екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысында 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады,облыстың оңтүстік-шығысында,солтүстік- батысында,солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде,күндіз облыстың солтүстігінде,шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде,шығысында бұршақ,облыстың солтүстігінде,оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде,шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде,оңтүстігінде найзағай,дауыл,күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады,оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында,оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен,солтүстік-батыстан соғады,күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында,оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының батысында,оңтүстігінде,орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында,орталығында найзағай,күндіз найзағай,орталығында бұршақ,дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен,оңтүстік-батыстан соғады,облыстың батысында,солтүстігінде,орталығында 15-20,күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде,орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында,шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облысының батысында,шығысында найзағай,дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады,шығысында 15-20,күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде,шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай,шығысында 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында,оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында,солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Астанада кей уақыттарда найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ болуы ықтимал.

Ақмола облысының солтүстігінде,шығысында қатты жаңбыр,бұршақ,дауыл күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады,шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде,орталығында найзағай күтіледі. Солтүстіктен,солтүстік-батыстан жел соғады,шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың бытысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының батысында,дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан,батыстан жел соғады,күндіз облыстың оңтүстігінде,шығысында екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының тау етегіндегі,таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр,бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде,тау етегіндегі,таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан,таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.

Алматыда кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады,найзағай кезінде екпіні 18 м/с.