Жетісуде судың айналасынан жоғалып кеткен баланы тауып алды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сарқан ауданында Балқаш көлінде ересектердің қарауынсыз қалған 2020 жылы дүниеге келген бала демалыс аумағынан өз бетінше кетіп,жоғалып кеткен.
Іздеу барысында құтқарушылар баланы демалыс аймағынан 6 шақырым жерден,көл жағасынан тапты. Оны анасына апарып берді,балаға медициналық көмек қажет емес. ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.