Технология және ғылым

Көпірден өзенге секірген: жасөспірімдердің ата-аналары жазаланды

Jul 12, 2024 IDOPRESS
Желіде атыраулық жасөспірімдердің жаяу жүргіншілерге арналған көпірден Жайық өзеніне секіргені түсірілген

Желіде атыраулық жасөспірімдердің жаяу жүргіншілерге арналған көпірден Жайық өзеніне секіргені түсірілген видео тарады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде атыраулық жасөспірімдердің жаяу жүргіншілерге арналған көпірден Жайық өзеніне секіргені түсірілген видео тарады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларда жасөспірімдердің бірінен соң бірі өзенге секіргенін көруге болады. Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті видеоға қатысы бар адамдарды анықтады.

ТЖД мәліметі бойынша,видеоға түсірілген жасөспірімдердің жеке басы анықталған. Олардың ата-аналары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабы ("Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау") бойынша жауапқа тартылды. Осы бап бойынша айыппұл түрінде жаза қарастырылған.

"Құтқарушылар күн сайын профилактикалық рейдтер жүргізіп жатыр,қауіпті жерлерде шомылған 20 адамға айыппұл салынды. Атырау облысының аумағында шомылу маусымы ресми түрде ашылған жоқ. ТЖД қазіргі уақытта шомылу қауіпті екенін ескертеді. Облыс тұрғындары мен қонақтарына 112 қызметтің хабарламаларына назар аударып,су айдындарының жанында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау ұсынылады",- деп хабарлады Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Кейінірек видеодағы жасөспірімдер өз әрекеттері үшін кешірім сұрап,бұл олардың өміріне қауіпті екеніне келіскен.