Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан әртістік жүзуден әлем кубогінің финалында тағы бір қазақстандық спортшы жеңіс тұғырына көтерілді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еркін бағдарлама бойынша жекелей сында өнер көрсеткен Виктор Друзин күміс жүлдегер атанды.
Бұған дейін Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жұбы да күмісті қанағат тұтқан болатын.
Сондай-ақ,акробатикалық бағдарлама бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль иеленді.