Технология және ғылым

Жанып жатқан көлікті куәгерлер аман алып қалды. Көлікте шыққан өртті қалай дұрыс сөндіру керек?

Jul 6, 2024 IDOPRESS
Әлеуметтік желіде Өскеменде өртеніп жатқан көліктің видеосы жарияланды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Өскеменде өртеніп жатқан көліктің видеосы жарияланды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Өскеменде өртеніп жатқан көліктің видеосы жарияланды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала тұрғыны TikTok-парақшасында Желіде қызу талқыға түскен видеоны жариялады. Бұл оқиға 2024 жылғы мамырда болғаны белгілі болды.

Кадрлардан ер адамдар көліктердің бірінің капотының астынан түтін шығып жатқанын байқағанын көруге болады. Бұған алаңдаған қала тұрғындары көмекке асығады. Олардың бірінде өртсөндіргіш болған. Бәрі бірігіп өртсөндірушілер келгенше өртті сөндірген. Осылайша көлікті аман алып қалған.

Осыған байланысты,ТЖМ баспасөз қызметі көліктен шыққан өртті сөндіру бойынша нұсқаулық берді.

Әрқашан көлігіңізде ұнтақты өрт сөндіргіш құралы болсын (салмағы кемінде 5 келі - ұнтақ ОП-5 немесе көмірқышқыл газы ОУ-5).

Өрт жол апаы кезінде пайда болуы мүмкін болғандықтан,жол апаты болған жағдайда,ең алдымен,аккумуляторды ажыратыңыз.

Егер көлік жүріп келе жатып өртенсе немесе күдікті иіс сезсеңіз,келе жатқан жеріңізде көлікті дереу тоқтатыңыз. Жол жиегіне шығуыдың қажеттілігі жоқ. Әр секунд маңызды. Содан кейін көлікті өшіріп,кілтті алыңыз. Көлікті қол тежегішіне қойыңыз. Барлығы дереу көліктен шығуы керек.

Жолаушылар немесе куәгерлер болса,олардан кез келген телефон нөмірінен 101 немесе 112 нөміріне шұғыл түрде хабарласуын сұраңыз.

Салондағы тетікті пайдаланып капотты ашыңыз,өрт сөндіргішті алыңыз,қолғап киіңіз және аккумуляторды ажырататын құралды дайындаңыз.

Егер капот астынан жалын немесе қою түтін шығып жатса,оны барынша ашудың қажеті жоқ - оттегі ағынын және өрттің лезде таралуын тудырасыз.

Өрт сөндіргіштің түтігін капот пен радиатор торы арасындағы саңылауға бағыттау арқылы жалынды сөндіріңіз.

Жалынды сөндіргеннен кейін,капотты толығымен ашып,жалынның сөнгеніне көз жеткізіңіз.

Кейін қайта тұтанбас үшін аккумулятордан сымдарды толық алып тастауды ұмытпаңыз.