Ақмола облысы Қосшы қаласындағы Рахымжан Қошқарбаев атындағы №1 мектептің түлегі Айым Ержанова ҰБТ-дан 140 балл жинады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Талапкер тестілеуде "Дүние тарихы - ағылшын тілі" пәндерін тапсырған. Ол ҰБТ тапсыруға дайындалған білім беру орталығы Айым Ержановаға бес миллион теңге,жаңа iPhone және Дубайға саяхат сыйлады.
Сондай-ақ,талапкер Астанадағы Еуразия ұлттық университетіне түсіп,оқуын жалғастыруға шешім қабылдады.
View this post on Instagram
A post shared by ZERDELI ЗЕРДЕЛІ ҰБТ НУ IELTS | АСТАНА (@zerdeliyourstudy)