Технология және ғылым

Астанада алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Jun 28, 2024 IDOPRESS
Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілш

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

28 маусымда елордада көшпелі бұлт шығады,күннің екінші жартысында жаңбыр жауып,найзағай,бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыс жел тұрып,күннің екінші жартысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 19-21,күндіз қатты ыстық 35-37 градус.

29 маусымда көшпелі бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14,күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-19,күндіз 27-29 градус жылы.

30 маусымда көшпелі бұлт шығады,күндіз жаңбыр жауады,күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан 9-14,күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-15,күндіз 24-26 градус жылы.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

28 маусымда қалада көшпелі бұлт шығады,жауын-шашын болмайды. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 24-26,күндіз 36-38 градус жылы.

29 маусымда көшпелі бұлт шығады,күндіз өткінші жаңбыр жауады,найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан жел 3-8,екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 24-26,күндіз 34-36 градус жылы.

30 маусымда көшпелі бұлт шығады,найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің күші 3-8,екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 22-24,күндіз 32-34 градус жылы.