Астанада полиция көлігі жол апатына ұшырады. Елордалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана ПД баспасөз қызметі мәліметінше,полиция қызметкері шұғыл шақыруға бара жатып,бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп,Hyundai көлігімен соқтығысқан. Кейін қызметтік автомобиль бүйіріне аударылып қалған.
Hyundai көлігінің үш жолаушысы зардап шеккен. Апат салдарынан бірнеше бағанаа қирағаны атап өтілді.