itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 26,27 және 28 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты,деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
26 мамырда күн құбылмалы болады,жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғып,оңтүстік-шығысқа ауысады,екпіні түнде секундына 2-7,күндіз 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус,күндіз +27...+29 градус болады.
27 мамырда күн құбылмалы болады,жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік,оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус,күндіз +28...+30 градус болады.
28 мамырда күн құбылмалы болады,өткінші жаңбыр жауады,күн күркірейді. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14,екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус,күндіз +21...+23 градус болады.
26 мамырда күн құбылмалы болады,жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус,күндіз +25...+27 градус болады.
27 мамырда күн құбылмалы болады,күндіз жаңбыр жауып,күн күркірейді,кешке қарай кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секугдына 3-8,күндіз екпіні 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус,күндіз +25...+27 градус болады.
28 мамырда күн құбылмалы болады,жаңбыр,кей уақытта нөсер жаңбыр жауып,күн күркірейді. Батыстан соғаты желдің жылдамдығы секундына 3-8,кей уақытта екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус,күндіз +23...+25 градус болады.
Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болатынын айтқан еді. Күн күркіреп,нөсер жаңбыр жауады деп болжанған. 26-27 мамырда түнде Қазақстанның шығысында үсік жүреді. Толығырақ мына жерден оқыңыз.