itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

"Қазгидромет" синоптиктері 26,27 және 28 мамырға арналған ауа райын болжады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Болжамға сәйкес,атмосфералық фронтал бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
"Найзағай ойнап,жаңбыр жауады деп болжанып отыр. 27 мамырда батыста,27-28 мамырда оңтүстікте,оңтүстік-шығыста,орталықта,ал 28 мамырда елдің солтүстігі мен шығысында нөсер жауып,бұршақ түседі,екпінді жел соғады",- деп хабарлады метеорологтар.
Қазақстан бойынша жел күшейеді деп күтіледі.
26-27 мамыр түні Қазақстанның шығысында 2 градус үсік күтіледі.
Температура біртіндеп төмендейді:
күндіз батыста 16-28 градус жылы,
солтүстікте,орталықта 18-25 градус жылы,
шығыста 23-30 градус жылы,
оңтүстікте 20-27 градус жылы.