itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Кения Республикасының Президенті Уильям Руто Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді,деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ертең жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады",- делінген хабарламада.
Сонымен қатар бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Фото: СІМ баспасөз қызметі
Елорда әуежайында Кения басшысын Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев қарсы алды.