Спорт

Теміртауда мектеп маңында үш баланы тоқ соқты: қылмыстық іс қозғалды

Apr 24, 2026 IDOPRESS

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

1

"Оқиғадан кейін бірден коммуналдық желілерге қызмет көрсететін "РЭС" ЖШС ұйымы қосалқы станциядан электр қуатын ажыратты. Бүгінде учаске толығымен тоқтан ажыратылған,кабель желісін алып тастау жұмыстары басталды",- деп хабарлады Теміртау құрылыс бөлімінің басшысы Нұржас Жақытай.

Әкімдіктегілер алаңда дайындық деңгейі әртүрлі үш тұрғын үй салынып жатқанын нақтылады. Соның ішінде көбірек дайыны 60 пәтерлі үй - шамамен 65 пайыз салынған. Ол бойынша мердігер ұйымға жалпы құны 600 миллион теңгенің 350 миллион теңгеге жуығы төленіп қойған.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша,қолайсыз ауа райынан кейін мердігерге заңбұзушылықтарды,соның ішінде қоршау мен инженерлік желілерге қатысты кемшіліктерді жою қажеттілігі туралы бірнеше рет хабарлама жіберілген. Шарт бұзылғаннан кейін нысанға қосымша тексеріс жүргізілді.

Неге қауіпті кабельдің ертерек алынып тасталмағаны қазір анықталып жатыр. Әкімдіктегілер желі күзет бекетін қуаттандыру және мердігер ұйым күзетіндегі құрылыс алаңын жарықтандыру үшін пайдаланылғанын түсіндірді.

Денсаулық сақтау басқармасы не дейді?

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше,зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланған,қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Балаларда әртүрлі дәрежедегі жарақаттар анықталған.

Полиция не дейді?

Қалалық полицияның баспасөз қызметі "Салғырттық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері кешенін жүргізіп жатқаны нақтыланды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.